Жарияланған күні:

СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Білімге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Жобалық басқаруда білімнің болуы, консалтинг саласында тәжірибенің болуы, R&D. Халықаралық сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік, орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Міндеттері:

  • Қоғамның және «Болашақ» стипендиясының стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын сүйемелдеу;
  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына материалдарды сапалы қалыптастыру және дайындау;
  • өткізілген іс-шаралар мен жобалар бойынша қорытынды талдамалық есептерді (анықтамаларды) дайындау;
  • Қоғамның семинарларын, кеңестерін, презентацияларын, кездесулерін және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • жобаларды басқару;
  • іс-шаралар мен жобаларды іске асыру кезінде креативті әдістерді енгізу;
  • «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және іске асыруға қатысу;
  • Қоғам жұмысын сапалы талдау.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:

  • жауапкершілік;
  • көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
  • байланысқа бейімділік, эмпатия, soft-skills дағдыларын жоғары меңгеру;
  • шығармашылық, бастамашылдық;
  • ауызша және жазбаша сауаттылық;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарды жүргізу;
  • компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:

  • мемлекеттік, орыс және шет тілдері;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңдары;
  • Қоғамның стратегиялары мен даму перспективалары;
  • Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар.