Стратегия және халықаралық ынтымақтастық басқармасының менеджері
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).
Білімге қойылатын талаптар: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Жобалық басқаруда білімнің болуы, консалтинг саласында тәжірибенің болуы, R&D. Халықаралық сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.
Міндеттері:
Қоғамның және «Болашақ» стипендиясының стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын сүйемелдеу;
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына материалдарды сапалы қалыптастыру және дайындау;
өткізілген іс-шаралар мен жобалар бойынша қорытынды талдамалық есептерді (анықтамаларды) дайындау;
Қоғамның семинарларын, кеңестерін, презентацияларын, кездесулерін және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
жобаларды басқару;
іс-шаралар мен жобаларды іске асыру кезінде креативті әдістерді енгізу;
«Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және іске асыруға қатысу;
Қоғам жұмысын сапалы талдау.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:
жауапкершілік;
көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
байланысқа бейімділік, эмпатия, soft-skills дағдыларын жоғары меңгеру;
шығармашылық, бастамашылдық;
ауызша және жазбаша сауаттылық;
мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарды жүргізу;
компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:
мемлекеттік, орыс және шет тілдері;
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңдары;
Қоғамның стратегиялары мен даму перспективалары;
Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар.