Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).
Білімге қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (заңды, әлеуметтік-гуманитарлық немесе экономикалық) білім. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кем дегенде 3 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда – кемінде 2 жыл.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік және орыс тілдерін; шет тілін (білгені жөн); Қазақстан Республикасының Конституциясын; Азаматтық кодексті; Еңбек кодексін; «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің ғылым және білім саласындағы қаулыларын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; Қоғам Жарғысы; Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін Стратегиялық даму басқармасы және басқа да басшылық және нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ережелер; Қоғамның даму стратегиялары мен перспективалары; шет елдердегі білім беру жүйелерінің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормалары.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: консультациялық жұмыс дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу; өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; білім беру саласындағы жаһандық трендтерді талдай білу; есептер мен анықтамаларды дайындау үшін талдамалық құралдарды қолдану дағдылары; Білім беру деректерін талдай білу және оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлей білу; бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық құралдармен (Big Data, Power BI, AI) жұмыс істей білу; көшбасшылық, қиын жағдайларда шешім қабылдау дағдылары; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; 8. ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде, оның ішінде «Әділет» АҚЖ, «Бест профи» АҚЖ, НҚА эталон банкінде жұмыс істеу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу қабілеті; іскерлік және коммуникативтік қабілеттер.