Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының бас менеджері
(Осы бос орынға түйіндемелер 2021 жылғы 8 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.
Міндеттері:
«Болашақ» бағдарламасы түлектермен тарта отырып, іс-шаралар мен жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру/үйлестіру;
іс-шаралар мен жобаларды іске асыруда шығармашылық әдістерді енгізу;
өткізілген іс-шаралар мен жобалар бойынша қорытынды талдамалық есептер дайындау;
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде түлектердің еңбек қызметін бақылау;
кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссияның және «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның қарауына материалдарды сапалы қалыптастыру және дайындау;
«Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек;
«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндемелерінің мәліметтер банкін қалыптастыру және мәліметтер базасында түлектердің дербес профильдерін уақтылы жаңарту;
түлектердің, жұмыс берушілердің және Қоғам серіктестерінің қатысуымен семинарлар, кеңестер, таныстырылымдар, кездесулер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:
жауапкершілік;
көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
көпшілдік, эмпатия, жұмсақ дағдыларды жоғары меңгеру;
шығармашылық, бастамашылдық;
ауызша және жазбаша сауаттылық;
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі іс қағаздарын жүргізу;
компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
SMM маркетингінің мықты дағдыларын білу.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:
мемлекеттік және орыс тілдері, шет тілі (білгені жөн);
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары;
Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.