(Осы бос орынға түйіндемені 2022 жылғы 22 шілдеге дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына жіберіңіз. Түйіндеме берген кезде міндетті түрде талап етілген бос орынның атауын көрсету қажет).
Біліміне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Менеджмент (менеджмент) саласында қосымша білім және біліктілікті арттыру курстарын бітіргені туралы сертификаттар.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 4 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе Қоғамда 2 жылдан аспайтын жұмыс өтілі талаптары қойылады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда басшы лауазымдағы еңбек өтілі расталмаса.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы («Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты нормалар); «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Іскерлік этика кодексі; «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; Басқарма туралы Ереже; мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті түрде), шет тілдері (мүмкіндігінше); еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы және басқа да нормативтік құжаттар қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін құқықтық құжаттар; менеджмент саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені білу.
Лауазымдық міндеттерді атқаруға қажет білім мен дағдылар: жауапкершілік; сенімділік; парасаттылық; кәсібилік; инновациялылық; стратегиялық ойлау; стресске орнықтылық; ұйымдастырушылық дағдылар; коммуникативтік дағдылар; консультациялық жұмыс дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасын тәжірибелі пайдаланушының дағдылары; жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу дағдылары; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары; талдау құжаттарын дайындау; шешім қабылдай білу; ынтымақтастықты дамыта білу, келіссөздер жүргізе білу; жағдайды сыни бағалай білу; командада жұмыс істей білу; презентация өткізе білу; өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделе білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттері:
Басқарма жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру;
Басқарма қызметін ұйымдастыру;
Басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Басқарма төрағасының жетекшілік ететін орынбасарымен басқарма қызметі туралы есептерді, басқарма қызметін жақсарту бойынша және басқарма қызметіне қатысты әдістемелік және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау, негіздеу, келісу және белгіленген тәртіппен ұсыну;
Басқармада іс жүргізуді ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету және оның жүргізілуін бақылау;
Басқарма қызметкерлерінің лауазымы мен біліктілігін ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерінің мазмұны мен көлемін анықтау;
Басқарманың еңбек және орындаушылық тәртібін нығайту және ұйымдастыруды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу;
Басқарма қызметкерлерімен орындалған жұмыстардың сапасын бағалауды жүзеге асыру;
Қоғамның түлектермен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен және басқа да ұйымдар және компаниялармен өзара іс-қимылы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
«еболашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесіне деректерді, жұмыс берушілер (мемлекеттік органдар, ведомстволар, Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелері, ұлттық компаниялар, сондай-ақ басқа да органдар мен мекемелер) мен түлектер деректерін сапалы және уақтылы енгізу, түлектердің міндеттемелерін;
«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетуді бақылау және түлектердің еңбекпен өтелуіне тұрақты мониторинг жүргізу;
Басқарма құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттарына, өтініштеріне жауаптардың уақытылы және сапалы дайындалуын бақылау;
өз құзіреті шегінде республикалық комиссия отырыстарына түлектер бойынша материалдар дайындауды бақылау;
Түлектер, Жұмыс берушілер және қоғам серіктестерінің қатысуымен кездесулер мен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
бітірушілердің оқуға немесе тағылымда- мадан өтуге арналған шарттың талаптарына сәйкес шарттық міндеттемелерді орындауын мониторингілеу бойынша, оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету процесі бойынша нәтижелерге талдау жүргізуге басшылық ету және бақылау;
басқарма қызметкерлерінің «еболашақ» көпфункционалды ақпараттық жүйесіне шынайы ақпарат енгізуін бақылау;
түлектердің шарттық міндеттемелерді орындауы бойынша сәйкессіздіктерді анықтау және басқарма төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына осы сәйкессіздіктерді болдырмау және/немесе жою үшін түзету және алдын алу іс-әрекеттері бойынша ұсыныстар ұсыну;
Басқарманың жұмыс жоспарын орындау;
басшылықтың тапсырмаларын орындау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының және қоғам қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
өз құзыреті шегінде қоғамның комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу;
өз құзыреті шегінде қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен консультациялар өткізу;
өзінің кәсіби деңгейін арттыру;
қоғаммен байланысты мәмілелерде, шарттарда, жобаларда немесе Қоғамның ішкі актілерінде көзделген тәртіппен өзге де мәселелерге байланысты кез келген коммерциялық немесе өзге де жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы дереу хабардар ету;
қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де ақпарат құпиясының құпиялығын қамтамасыз ету;
қоғамның ішкі актілерінің конфиденциалдылық нормаларын бұзбай дәйекті ақпаратты уақтылы ұсыну;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыруға қатысу, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда қоғамның мүдделерін білдіру немесе өкілі ретінде әрекет ету;
өз құзыреті шегінде құжаттарға бұрыштама қою және келісу;
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның отырысына және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысына материалдардың сапалы дайындалуын бақылау;
осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
атқаратын лауазымынан босатылған кезде жұмыс беруші сеніп тапсырған мүлікті, қолданыстағы қызметтік құжаттаманы істер номенклатурасына және жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес, сондай-ақ аяқталған және ағымдағы жобалар бойынша тікелей басшы айқындайтын қызметкерге беру;
Қоғамның Жарғысына және Қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.