(Осы бос орынға түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.
Міндеттері:
міндетті еңбек өтілі бойынша шарттық міндеттемелерді орындау, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлігінде түлектердің мониторингі процесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау;
Қоғам қызметінің бағыттары бойынша Қоғамның ресми сайтын ақпараттық толықтыруды қамтамасыз ету;
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған лауазымы мен мамандығына сәйкестігі тұрғысынан түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингін жүзеге асыру;
«Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және түлектердің еңбек өтіліне тұрақты мониторинг жүргізу;
«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің түйіндемелерінің деректер банкін қалыптастыру және мәліметтер базасында түлектердің жеке сауалнамаларын уақтылы өзектендіру;
жұмыс берушілердің деректер банкін қалыптастыру;
түлектердің, жұмыс берушілер мен серіктестердің қатысуымен семинарлар, кеңестер, презентациялар, кездесулер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұлттық компаниялармен және басқа да ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюды ұйымдастыру;
басқарманың құзыреті шегінде түлектерден келіп түсетін хаттарға, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштеріне, өтініштер мен сұрау салуларға жауаптарды уақтылы және сапалы дайындау;
басқарманың жұмыс жоспарларын орындау.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:
жауапкершілік;
зейінділік;
сабырлылық;
көшбасшылық, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау мүмкіндігі;
көпшілдік, эмпатия, жұмсақ дағдыларды жоғары меңгеру;
шығармашылық, бастамашылдық;
ауызша және жазбаша сауаттылық (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде);
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі іс қағаздарын жүргізу;
компьютердің және кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы;
аналитикалық құжаттарды, ақпараттық мәтіндерді әзірлеу қабілеті.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:
мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдері;
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары;
Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.