Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндемелер 2022 жылғы 24 наурызға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)
Білімге қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар (журналистика, жұртшылықпен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. Біліктілікті арттыру курстарынан, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында қосымша даярлықтан өткені туралы сертификаттардың болғаны дұрыс.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: БАҚ немесе PR саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда – кемінде 1 жыл.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу құпталады;
іскерлігі, командада жұмыс істей білуі, сауатты сөйлеуі және ақпараттық материалдарды жаза білуі.;
қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
дағдарыстық жағдайларда жұмыс істеу, жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері.;
бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісімшарттарды) жасау және жасасу тәртібі;
қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін;
коммуникация бұқаралық ақпарат құралдарымен;
медиа нарық коньюнктурасын білу.;
қоғаммен байланыс саласындағы стратегиялық құжаттарды әзірлеу және өзектендіру.
Негізгі функционалдық міндеттері: