Жарияланған күні:
(Осы бос орынға түйіндеме 2023 жылдың 11 қыркүйекке дейін cv_hr@bolashak.gov.kz. электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені хатта берген кезде міндетті түрде сіз үміткер бос лауазымның толық атауын көрсетуіңіз керек).
Білімге қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, жоғары) білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: сценарийлер мен нұсқаулықтарға сәйкес түсірілімдер жүргізу, бейнероликтер мен фильмдерді монтаждау бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Бейнеоператорға қойылатын негізгі талаптар:
және лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар: деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; презентация жасай білу; графикалық бағдарламалар мен редакторларды еркін меңгеру; дизайн жасай білу, тұжырымдамалар (эскиздер) ойлап табу; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; қиын жағдайларда шешім қабылдау дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары, командада және өз бетімен жұмыс істей білу.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім: Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; мемлекеттік және орыс тілдерін, шет тілін (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Үкіметінің ғылым және білім беру саласындағы қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері.