Жарияланған күні:

Жұртшылықпен байланыс басқармасының бейнежазба операторы

(Осы бос орынға түйіндеме 2023 жылдың 7 тамызына дейін cv_hr@bolashak.gov.kz. электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені хатта берген кезде міндетті түрде сіз үміткер бос лауазымның толық атауын көрсетуіңіз керек).

Білімге қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, жоғары) білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: сценарийлер мен нұсқаулықтарға сәйкес түсірілімдер жүргізу, бейнероликтер мен фильмдерді монтаждау бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Бейнеоператорға қойылатын негізгі талаптар:

  • корреспондентпен бірге бейнесюжеттерді түсіруге шығу;
  • түсірілім алдында және кейін корреспондентпен тығыз байланыста мәселелерді пысықтау, сюжеттерді талқылау және түсірілім жоспарын келісу;
  • корреспондентпен келісе отырып, репортаждық түсірілімдерді қоюшы функциясын орындау;
  • репортаждық түсірілім кезінде жазу сапасын бақылай отырып, Тапсырыс беруші қойған талаптарға сәйкес түсірілген бейнематериалдың сапасы мен саны үшін жауапкершілік алу;
  • тікелей эфир және бағдарламаны жазу кезінде студия операторының қызметін орындау;
  • дыбыс және бейне жазу аппаратурасының негізгі жүйелері мен блоктарының жұмысы мен компьютерлік техникасын құру қағидаттары, блоктардың электр схемалары, заманауи микшерлік монтаждау пульттерін, дыбыстық және компьютерлік техниканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;
  • қажет болған жағдайда креативті роликтер мен мобилографиялық рилстерді түсіруді жүзеге асыру;
  • жұмыс басталғанға дейін баспасөз орталығын тікелей эфирге немесе жазбаға дайындау;
  • бейнероликтер мен фильмдердің көркемдік-техникалық сапасын жақсарту үшін шаралар жүргізу.

және лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар: деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; презентация жасай білу; графикалық бағдарламалар мен редакторларды еркін меңгеру; дизайн жасай білу, тұжырымдамалар (эскиздер) ойлап табу; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу дағдылары; ДК және ұйымдастыру техникасының тәжірибелі пайдаланушысының дағдылары, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; қиын жағдайларда шешім қабылдау дағдылары; заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары, командада және өз бетімен жұмыс істей білу.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім: Білімі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; мемлекеттік және орыс тілдерін, шет тілін (білгені жөн); Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Үкіметінің ғылым және білім беру саласындағы қаулылары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері.