Жарияланған күні:

Жұртшылықпен байланыс басқармасының бейнежазба операторы (негізгі қызметкердің уақытша жоқ кезеңіне)

(Осы бос орынға түйіндемелер мен портфолио 2022 жылғы 9 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет.)

Білімге қойылатын талаптар: Техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіби, жоғары) білім. Біліктілікті арттыру курстардан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: талап етілмейді.

Міндеттері:
Бейнеөндіріс бойынша жұмыстар кешенін жүзеге асырады;
Бейнетүсірілімді тікелей эфирде және жазба үшін жүргізеді;
Бейнематериалдарды монтаждауды, титрларды қою мен графикалық әсерлерді жасауды жүзеге асырады;
Барлық дыбыстық материалдарды (музыка, интершу және т.б.) монтаждауды жүзеге асырады;
Компьютерлік графиканы әзірлейді;
Бейнежазбаларды жүйелеу мен сақтауды қамтамасыз етеді.

Қызметтік міндеттерін орындауға керекті дағдылар:
жауапкершілік;
зейінділік;
сабырлылық;
көшбасшылық, әдеттен тыс жағдайларда шешім қабылдай алу;
қарым-қатынас жасай білу, эмпатия, soft-skills дағдыларын жетік меңгеру;
шығармашылық,бастамашылдық;
графикалық бағдарламалар мен бейне редакторларды жетік меңгеру;
дизайн әзірлеуді, концепт ойлап табуды білу;
бейне, түс, дыбыс аппаратурасымен жұмыс істей білу;
түс коррекциясының дағдылары;
мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу.

Қызметтік міндеттемелерін орындау үшін қажетті білімдер: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдары.