(Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz поштасы арқылы қабылданады. Түйіндеме жіберген кезде хатта бос лауазымның толық атауын міндетті түрде көрсету керек)
Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімге қойылатын талаптар: келесі мамандықтар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: гуманитарлық (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар (журналистика, қоғаммен байланыс, политология, әлеуметтану);
БАҚ-та немесе PR саласында жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: 3 жылдан кем емес
Міндеттері:
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды дайындайды;
Ақпараттық-жарнамалық материалдарды, ұйымның корпоративтік басылымы, ресми интернет-ресурсы үшін мәтіндерді дайындайды;
Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауаптарды дайындайды;
Әлеуметтік желілерде жұмыс жасау, SMM.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
Жауапкершілік, байланысқа бейімділік;
Шығармашылық, бастамашылдық;
Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін келесіні білу тиіс:
Мемлекеттік және орыс тілдерін;
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ даму перспективалары мен стратегиясын;
Қоғамның Жарғысын, Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік және құқықтық құжаттарын.