Жарияланған күні:

ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

(Осы бос орынға түйіндемелер 2023 жылғы 12 маусымға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады. Түйіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Біліміне қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар (филология) немесе әлеуметтік ғылымдар (журналистика, жұртшылықпен байланыс, саясаттану, әлеуметтану) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару саласында (менеджмент) қосымша білімі және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаты болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: БАҚ немесе PR саласында: кемінде 4 жыл немесе жұртшылықпен байланыс саласында қосымша дайындық. Шетелде оқу (магистратура, докторантура) бітірген жағдайда – кемінде 2 жыл немесе Қоғамда жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; мемлекеттік және орыс тілі, шет тілі (білгені жөн); «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ стратегиясы мен даму перспективалары;
2) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Жарғысы;
3) Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік және құқықтық құжаттар;
4) электронды құжат айналымы жүйесінің негіздері; ақпараттық технологиялардың негізгі құралдары мен оларды қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қолдану мүмкіндіктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар мен ілімдер:
мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру; сауатты сөйлеу және тамаша жазу дағдылары; жұртшылықпен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; ұйымның Даму стратегиясы және ақпараттық нарық конъюнктурасы; мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану; әлеуметтік зерттеулер жүргізу технологиясы; дағдарыс жағдайларында жұмыс істеу әдістері; жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттар (келісімшарттар) жасау және жасасу тәртібі; іскерлік қарым-қатынас әдебі және іскерлік хат алмасуды жүргізу қағидалары; қазіргі заманғы техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, клиенттік пиар, корпоративішілік пиар, дағдарыстық пиар, өзге де пиар түрлерінің негізгі қағидаттары; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері; Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Қосымша талаптар: талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзгермелі жағдайларға бейімделе білу; шешім қабылдай білу; деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей білу; командада және өз бетінше жұмыс істей білу.