Құрметті үміткер
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қолма-қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электрондық жеткізгіште сканерленген нұсқасы) мына мекенжай бойынша жүргізіледі:
Астана қ., Сығанақ көшесі, 70 үй, «Сығанақ» бизнес орталығы, 5 қабат, 508 кабинет.
Қажетті құжаттар
- жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырылған үміткер анкетасы;
жүктеу - жүктеу үшін басыңыз
- жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі;
жүктеу - жүктеу үшін басыңыз
- паспорты мен жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
- ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр (қосымшасымен) дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану туралы куәлігі не "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжаты;
- жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
жүктеу - жүктеу үшін басыңыз
- еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
- нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін қазақ тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
- нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
жүктеу - жүктеу үшін басыңыз
- шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
- үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық шарттарды қоспағанда) растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу бағыты, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (есеп-қисабын толық көрсетіп) көрсетілген, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттың көшірмелері;
- ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласы немесе шолуы) немесе бұйрықпен бекітілген және (немесе) Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаласы және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі;
- ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
- құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат.