Жарияланған күні:

2025 ЖЫЛЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КОНКУРСТЫҚ РӘСІМДЕРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІН ЖҮРГІЗУ

2025 жылы конкурстық іріктеудің бірінші туры шеңберінде кешенді тестілеу өткізіледі, бұл барлық үміткерлер үшін іріктеуші кезең болып табылады.

Тестілеу онлайн-форматта өтеді.

Кешенді тестілеу үміткерлердің ақпаратты жылдам талдау қабілетін бағалауға, сондай-ақ халықаралық академиялық ортада сәтті бейімделу үшін қажетті жеке және іскерлік қасиеттерін анықтауға бағытталған.

Кешенді тестілеудің вербалды (48 сұрақтан кемінде 20 дұрыс жауап) және сандық (25 сұрақтан кемінде 8 дұрыс жауап) бөлімі бойынша үміткерлер белгіленген өту балын жинамаған жағдайда екінші турға жіберілмейді.

Тестілеу форматымен танысу үшін үміткерлер конкурстық іріктеу сайтында https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/zhattardy-tapsyru-erezheli ұсынылған сұрақтардың мысалдарымен таныса алады.

Тестілеу ұзақтығы:

  • Вербалды тест – 35 минут;
  • Сандық тест – 35 минут;
  • Жеке сауалнама – 60 минут.

Белгіленген өту балын жинаған үміткерлер екі жұмыс күні ішінде Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесу күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны алады.

Кешенді тестілеу конкурстық іріктеудің маңызды бөлігі және конкурстық іріктеуге қатысуды одан әрі жалғастыру үшін жақсырақ дайындалған үміткерлерді анықтауға мүмкіндік береді.

Тесттерді қайта тапсыру көзделмеген. Алайда үміткер биылғы конкурстық іріктеудің келесі легіне қайтадан өтінім беруге құқылы.

Конкурстық іріктеуден сәтті өтіп кетуіңізге тілектеспіз!