Жарияланған күні:
Стипендиатқа
1. Электрондық үкімет порталы арқылы авансқа қалай беруге болады?
Аванс алуға өтінішті egov.kz сілтемесі арқылы электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.
Өтінім беру үшін келесі құжаттардың сканерленген көшірмесін растау/енгізу қажет:
2. Авансқа/өтеуге жазылған өтінішті қарау мерзімі?
Авансқа/өтеуге жазылған өтінішті қарау мерзімі -7 жұмыс күні.
Аванстың ең жоғары сомасы тұруға және тамақтануға арналған стипендияның екі айлық нормативінен аспауы тиіс. https://bolashak.gov.kz/storage/app/media/2.pdf).
3. Авансты алғаннан кейін не істеу керек?
Стипендиат аванс аударылған күннен бастап 2 ай ішінде қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес аванстың (тұруға/тамақтануға авансты қоспағанда) нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.
4. Егер алынған аванс үшін белгіленген мерзімде есеп беріп үлгермесе, салдары қандай болады?
Растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда немесе аванстың аударылған сомасы толық көлемде пайдаланылмаса, онда құжаттардың түпнұсқаларымен расталмаған сома «Болашақ» халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі стипендияларды/төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалынады.
5. Егер ЖОО стипендиаттың оқу ақысын төлеуге шот ұсынса не істеу керек?
Көптеген жағдайларда стипендиаттар Admission Office-ке қаржылық кепілдік хатын жібереді. Сізге ЖОО-ның Financial Office-ке қаржылық кепілдік хатын жолдау қажет, себебі ЖОО «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ/демеушінің атына төлем шотын ұсынуы тиіс.
6. Стипендиаттарды қаржыландыру қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?
Орталық келесі НҚА-мен танысуды ұсынады: «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы (ҚР БҒМ 2012 жылғы 13 сәуірдегі №163 бұйрығы редакциядағы өзгерістермен), «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (ҚР БҒМ 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығы редакциядағы өзгерістерімен бірге), «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысы) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007613#z2
7. Стипендиаттың мәртебесі туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Стипендиаттың мәртебесі туралы анықтамаға сұрау салу ЭЦҚ болған кезде электрондық үкімет порталы арқылы беріледі https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass197_mon.
8. Қалай кепіл хат алуға болады?
Кепіл хатты оқытуды ұйымдастыру шартын жасасқаннан кейін 2 тәсілмен алуға болады:
9. Стипендия қашан және қандай валютада/қалай есептеледі?
Оқу еліне ұшар алдында стипендияны есептеу үшін карт-шот бойынша мәліметтерді толтыру керек (https://bolashak.gov.kz/ru/obrazcy-dokumentov).
Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиетін сатып алуға стипендияны есептеу және төлеу ведомості қалыптастыру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген шығыстар нормаларына сәйкес жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.
Егер академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы даярлықтан өтудің жалпы мерзімі үшін әрбір оқу жылының бірінші немесе соңғы айындағы оқу күндерінің саны күнтізбелік 3 (үш) күн немесе одан аз болса, онда осы айлар үшін есептеу жүргізілмейді.
Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алуға арналған шығыстар сомасын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.
Оқу жылының бірінші айы мен оқу жылының соңғы айы күндерінің жалпы саны күнтізбелік 30 (отыз) күн немесе одан аз болған жағдайда, есептеу академиялық оқудың әрбір оқу жылының бірінші немесе соңғы айында жүзеге асырылады.
10. Менде қандай стипендия болады?
Елдер бөлінісінде «Болашақ» халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларын сайттан қарай аласыз (https://bolashak.gov.kz/storage/app/media/2.pdf).
11. Менің отбасыма қосымша стипендия беріле ме?
Тек «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты ғана қаржыландырылады, стипендиат отбасының барлық шығыстарды өз есебінен көтереді.
12 Стипендия алу үшін қандай карта ашамын?
Шарттары сізге сәйкес келетін ҚР кез келген банкінің картасын таңдай аласыз.
13. Стипендия картасы туралы мәліметтерді қалай беруге болады?
Сізге қолма-қол ұсыну немесе оқытуды қаржыландыру басқармасының электронды поштасына карт-шот мәліметтері бланкісінің толтырылған нысанының скан/көшірмесін (https://bolashak.gov.kz/ru/obrazcy-dokumentov) және сіздің IBAN көрсетілген онлайн-банктен банк/скрин анықтамасын жіберу қажет.
14. Әуе билеттері қалай және қашан сатып алынады?
Авиабилеттер визаны алғаннан кейін авиабилетті сатып алуға арналған өтініш (сканерленген көшірме немесе түпнұсқа) негізінде сатып алынады. Өтініш үлгісін келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://bolashak.gov.kz/ru/obrazcy-dokumentov.
Паспорттың, визаның көшірмесін қоса тіркеп, куратордың электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет. Авиабилетке өтінімді өңдегеннен кейін куратор танысу үшін стипендиатқа бронь жібереді. Басшылық өтінімге қол қойғаннан кейін куратор сатып алынған авиабилетті стипендиаттың электрондық поштасына жібереді.
Сондай-ақ, стипендиат авиабилетті өз қаражаты есебінен сатып ала алады. Ол куратормен алдын-ала келісіп, авиабилетті сатып алған күнге билеттің ең төменгі құнын алдын-ала тіркей отырып, әуе билетіне жұмсалған қаражатты өтеуге ұсына алады.
Әуе билетіне жұмсалатын шығындарды өтеу үшін келесі құжаттарды қолма қол немесе сенімхат негізінде ұсыну керек:
15. ПТР тесті өтелінеді ме және қандай құжаттар қажет?
Оқу елінің санитарлық талабы бойынша міндетті ПТР тесті өтеледі. ПТР тестін төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін мынадай құжаттарды Қоғам кеңсесіне қолма-қол немесе сенімхат негізінде ұсыну қажет:
16. Визаны қалай рәсімдеуге болады?
Стипендиаттар виза алу үшін құжаттарды өздігінен рәсімдейді. Виза алу үшін қажетті құжаттарды оқыған/тағылымдамадан өткен елдің дипломатиялық өкілдігінің (елшілік пен консулдықтың) ресми сайтынан табуға болады. Виза алу үшін сұхбатқа тіркелгеннен кейін кураторға пошта арқылы сұхбат күні туралы хабарлау қажет. Қоғам визаларды ресімдеу және беру мәселелері бойынша кеңес бермейді. Сондай-ақ, Қоғам стипендиатқа виза берілмеген жағдайда жауапты болмайды. Визаны алғаннан кейін Стипендиат электрондық пошта арқылы кураторға визаның сканерленген көшірмесін жібереді.
17. Консулдық алым қалай өтеледі, Sevis?
Электрондық құжаттардың көшірмелері қабылданбайды.
Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу үшін мынадай құжаттарды өзі Қоғамның кеңсесіне, не курьерлік қызмет арқылы жіберуі қажет:
18. Оқу еліне келгеннен кейін қажетті әрекеттер?
19. Оқу басталғаннан кейін қандай құжаттарды ұсыну керек?
Оқу барысында келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Бекітілген Жеке оқу жоспары (куратормен және эдвайзермен келісілген). Үлгіні келесі сілтемеден жүктеуге болады: https://bolashak.gov.kz/ru/obrazcy-dokumentov
20. Стипендиаттар Қазақстанға қашан оралуы тиіс?
Академиялық оқудан өтетін стипендиаттар бекітілген оқу жоспарына көзделген толық оқу курсы аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасына қайтып келуге, Қоғамға Қазақстан Республикасына кіргені туралы белгісі бар паспорттың көшірмесін ұсынуға тиіс.
Бекітілген тағылымдама бағдарламасында көзделген тағылымдамадан өту мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасына қайтып оралу және Қағидалардың 27-тармағының 5) тармақшасына сәйкес алған мамандығы бойынша кемінде үш жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру қажет.
21. ҚР-ға оралғаннан кейін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Қазақстанға келген күннен бастап келесі құжаттарды ұсыну қажет:
22. Оқу аяқталғаннан кейін оқу елінде тағылымдамадан өтуге бола ма?
Оқу аяқталғаннан кейін стипендиат 30 күнтізбелік күн ішінде ҚР-ға оралуға, құжаттарды ұсынуға және алған мамандығы бойынша еңбек етуге міндетті.
Оқу аяқталғаннан кейін оқу елінде тағылымдамадан өту мүмкін емес.
23. Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) қалай бекітіледі?
Оқу басталған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде Қоғамға бекіту үшін оқу орны белгілеген міндетті практика және/немесе тағылымдама көрсетілген жеке оқу жоспарын ұсыну қажет.
Оқу жоспарын құру кезінде оқу орны толық емес жүктемені жинауға рұқсат беретін соңғы семестрді қоспағанда, full-time student мәртебесін ұстап тұру үшін қажетті кредиттер санын алу қажет.
Шетелде немесе Қазақстан Республикасында міндетті практикадан өту қажет болған жағдайда, ЖОЖ-да міндетті практикадан өтуді көздеу қажет. Міндетті практика қосымша қаржылық шығындарға және оқу мерзімін ұзартуға әкеп соқтырмауы тиіс.
Куратор ЖОО-ның академиялық күнтізбесі мен мамандықтың оқу жоспарына сәйкес алынған кредиттер/сағаттардың санын, пәндердің атауын және оқу мерзімдерін тексереді.
Қоғамның ұсынылған ЖОЖ-ға ескертулері болған жағдайда оларды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Стипендиат Қоғамға түзетілген ЖОЖ-ды қайта бекітуге ұсынуы қажет.
24. Bolashak guide:
https://bolashak.gov.kz/ru/stipendiatu/bolashaq-guide
25. Байланыстар
Орталық қызметкерлерінің байланыстарын Қоғам сайтынан немесе мына сілтеме бойынша табуға болады: https://bolashak.gov.kz/ru/spravochnik
Оқуды қаржыландыру басқармасы
Лауазымы | Аты-жөні | Қызмет телефоны | Электрондық мекен-жайы |
Басқарма басшысы | Куанова Айман Дакешовна | 76 90 76 (вн. 200) | kuanova@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Софиев Руслан Жылкибаевич | 76 90 76 (вн. 200) | sofiyev@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Карманова Галия Болатовна | 76 90 76 (вн. 200) | karmanova@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Баданбеков Исатай Ераханұлы | 76 90 76 (вн. 200) | badanbekov@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Нурканова Асель Зейнеловна | 76 90 76 (вн. 200) | nurkanova@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Кусаинова Асель Альмухамбетовна | 76 90 76 (вн. 200) | Kussainova_a@bolashak.gov.kz |
Шарттық және талап-арыз жұмысы басқармасы
Лауазымы | Аты-жөні | Қызмет телефоны | Электрондық мекен-жайы |
Басқарма басшысы | Каирбек Айнур | 76 90 76 (вн. 185) | kairbek@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Турсунгазыев Аскат Турсунгазыулы | 76 90 76 (вн. 181) | tursungazyyev@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Төлеу Жайнагүл Ерғазықызы | 76 90 76 (вн. 182) | toleu@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Кенжесарина Алтынай Сериковна | 76 90 76 (вн. 183) | kenzhessarina@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Аманбай Жәнібек Қайсарұлы | amanbay@bolashak.gov.kz | |
Менеджер | Алиева Жанар Жексенбаевна | 76 90 76 (вн. 186) | aliyeva@bolashak.gov.kz |
Кураторлардың байланыс деректерін Қоғамның сайтынан немесе мына сілтеме бойынша табуға болады: https://bolashak.gov.kz/ru/stipendiatu
Шұғыл қоңыраулар үшін: +7 778 967 78 48 Шұғыл жағдайлар:
Еуропа басқармасы
Лауазымы | Аты-жөні | Қызмет телефоны | Электрондық мекен-жайы |
Басқарма басшысы | Кайранова Карлыгаш Тулегеновна | 76 90 76 (вн. 130) | kairanova@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Жумабекова Аида Каршыгаевна | 76 90 76 (вн. 133) | zhumabekova@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Нургамитова Лаура Ермагамбетовна | 76 90 76 (вн. 131) | temirgalieva-l@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Қанатова Айгерім Биғалиқызы | 76 90 76 (вн. 134) | kanatova@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Назарбаева Диана Нургазиевна | 76 90 76 (вн. 131) | nazarbayeva@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Малкенова Маржан Сериковна | 76 90 76 (вн. 134) | malkenova@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Искакова Акмарал Кабылбеккызы | iskakova-a@bolashak.gov.kz |
Америка, ТМД, Азия, Океания басқармасы
Лауазымы | Аты-жөні | Қызмет телефоны | Электрондық мекен-жайы |
Басқарма басшысы | Рахимова Диана Батырбековна | 76 90 76 (вн. 120) | rakhimova_d@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Мустафина Мадина Кемильхановна | 76 90 76 (вн. 123) | mustafina@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Маратова Жания Маратовна | 76 90 76 (вн. 122) | maratova@bolashak.gov.kz |
Бас менеджер | Нуркенова Динара Кайриденовна | 76 90 76 (вн. 121) | nurkenova_d@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Әнуар Аида Әнуарқызы | 76 90 76 (вн. 121) | anuar_A@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Базарбай Ақерке Бахытқызы | 76 90 76 (вн. 121) | bazarbay@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Бахманова Айдана Болатбековна | 76 90 76 (вн. 122) | bakhmanova@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Уразалы Бану Талгатовна | 76 90 76 (вн. 123) | urazaly@bolashak.gov.kz |
Менеджер | Ашимкулова Диляра Абылсеиткызы | ashimkulova@bolashak.gov.kz |