Басты бет > BOLASHAQNEWS > 113 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Жарияланған күні:

113 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 113 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның шешімімен 113 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды, олар магистратура мен докторантурада оқитын болады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған:

2021 жылы стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеу үш кезеңде өтеді: маусым, тамыз, қараша.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 1055 стипендия бөлінген. Олардың ішінен 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламасы бойынша, ал 500 стипендия тағылымдамалардың жаңа «Ғалымдар» санатына бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, бұл санат Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын

Комиссия «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдаманың жаңа санатын бекітті. Бұдан былай, осы бағдарлама бойынша мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тағылымдамадан өте алады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ