Кепіл затын ауыстыру рәсімі

Құрметті Түлектер мен Кепіл берушілер!

Кепіл затын ауыстыру үшін Қоғамға есепті құру сәтінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей мерзімделген ұсынылатын жылжымайтын мүліктің және кепіл затының бағасы туралы қосымша берілген есептері бар, сондай-ақ ұсынылған жылжымайтын мүлікке тыйым салулар, ауыртпалықтар, заңды талап етулер болмауы туралы құжаттармен расталған кепіл затын ауыстыру туралы негіздеме өтінішін Қоғамға жіберу қажет.

1) Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырған болса, жылжымайтын мүлікті сотсыз сатуға келісіммен жылжымайтын мүлікті кепілдікке беруге меншік иесінің жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісім өтініші, сондай-ақ неке туралы куәлікті (нотариалды куәландырылған көшірмесін), меншік иесінің(иелерінің) жұбайының/зайыбының жеке куәлігі көшірмесі (нысан құжаттардың үлгілері бөлімінде қоса беріледі);

2) Егер жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде меншік иесі(иелері) некеге отырмаған болса, жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде жылжымайтын мүлік иесінің(иелерінің) отбасылық жағдайы туралы нотариалды куәландырылған өтініші (нысан құжаттардың үлгілері бөлімінде қоса беріледі);

3) Егер жылжымайтын мүлік кепіл шарты сенімхат бойынша жасалса, кепілге және соттан тыс сату құқығын беруге жылжымайтын мүлік иесінен (иелерінен) нотариалды куәландырылған келісім-өтініш (нысан құжаттардың үлгілері бөлімінде қоса беріледі);

4) меншік иесінен нотариалды куәландырылған сенімхат (меншік иесі кепіл шартына қол қоймаған жағдайда) (нысан құжаттардың үлгілері бөлімінде қоса беріледі);

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 163-бабының 3- тармағына сәйкес стипендиат/түлек өз мүддесі үшін жасалатын кепіл шартын/кепіл шартын жасасуда сенімді тұлға бола алмайды.

5) Егер жылжымайтын мүлік иесінің біреуі кәмелет жасқа толмаған болса, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасауға жазбаша келісімі, жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің туу туралы куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі), сондай-ақ егер кәмелетке толмаған меншік иесінің атынан қамқоршы/қорғаншы әрекет етсе, тұлғаның кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүліктің кәмелетке толмаған меншік иесінің қамқоршысы немесе қорғаншысы мәртебесінің болуын растайтын құжаттар;

6) Құқықтық кадастр берген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (нысан №2).

Назар аударуыңызды сұраймыз!

Өтініш түлектің немесе алдыңғы/болжамды жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жеке қатысуымен немесе осы іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті тұлғаның нотариалды түрде расталған сенімхаты негізінде қабылданады.

Кепіл затын ауыстыру үшін келесі қағидалар қарастырылады:

1) құны;

2) сапалық және мөлшерлік сипаттамасы;

3) географиялық орналасқан жері.

Құжатты қарастыру уақыты: 15 жұмыс күні ішінде қарастырылады;

Шарт тек Астана қаласында жасалынады;

Кепіл шартына екі тарап қол қойғаннан кейін жылжымайтын мүлік орналасқан жердегі ХҚКО-да тіркелуге тиіс. Кепіл шарты тіркелгеннен кейін қоғам қызметкері бұрыштама қойған 1 (бір) данасы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалары (нысан №2) қоса тіркеліп Қоғамға қайтарылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 163-бабының 3- тармағына сәйкес стипендиат/түлек өз мүддесі үшін жасалатын кепіл шартын/кепіл шартын жасасуда сенімді тұлға бола алмайды.

Ескертпе: егер алдыңғы кепіл затына құқық белгілейтін құжаттар Орталықтың архивінде сақталған жағдайда және меншік иесі оларды өзі барып ала алмаса, онда құжаттар сенім білдірілген тұлғаға құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын алуға берілген сенімхат бойынша беріледі (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде қоса беріледі).

Орталық кеңсесінің орналасқан жері: индекс 010000, ҚР, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 70, 5-қабат.

Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.