Құжаттарды кім өткізе алады?

Құттықтаймыз!

Сізді «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атануыңызбен құттықтаймыз!

Стипендия тағайындалғаннан кейін Сізден талап етілетін әрекеттер:

1) Оқуды ұйымдастыруға арналған шартты жасасу үшін Шарт жасау және наразылық-талап қою жұмысы басқармасына хабарласыңыз. Шарт жасасу рәсімдері бойынша кеңесті келесі телефон нөмірлері арқылы ала аласыз: 8 (7172) 76-90-75, 8 (7172) 76-90-79, 8 (7172) 76-90-80

2) Барлық шарттарды жасап болған соң Сізге куратормен хабарласу;

3) Кепіл хаттың сканерленген көшірмесін шетелдік ұйымға жолдау;

4) Шетелдік ұйымнан визаны рәсімдеуге арналған құжаттарды алу;

5) Оқудың басталуына бір ай қалғанда Қазақстанның кез келген банкінен төлем картасын рәсімдеп, карт-шот мәліметтері толтырылған нысанын Оқуды қаржыландыру басқармасына жолдау;

6) Виза алу үшін құжаттарды дайындау – Сіздің жауапкершілігіңізде;

7) Визаның сканерленген көшірмесін кураторға жолдау;

8) Кураторға әуебилетке өтініш жолдау.

Академиялық оқу барысындағы міндеттемелер:

1) Полицияда тіркеуге тұру (оқу елінің көші-қон талаптарына сәйкес);

2) Медициналық сақтандыруды рәсімдеу (оқу елі талаптарына сәйкес);

3) Оқу елінде орналасқан Қазақстан Республикасы елшілігінде консулдық есепке тұру;

4) 60 күнтізбелік күн ішінде ЖОО бекіткен академиялық оқу күнтізбесіне сәйкес жасалған оқу жоспарын куратордың қарауына ұсыну;

5) Оқу жоспарын қатаң сақтап, оқуды ұйымдастыруға арналған шартта көрсетілген талаптарға сәйкес оқу үлгерімін көрсету;

6) Әр оқу семестрі/жылы аяқталған соң, оқу үлгерімі көрсетілген құжатты кураторға жолдау;

7) ЖОО-мен бекітілген мерзімде оқудан өту және тәмамдау;

8) Куратормен әрдайым байланыста болып, кез-келген өзгерістер жайлы хабарлау.

Оқуды тәмамдаған соң:

1) Оқуды тәмамдаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, әрі қарай еңбек өтілін орындау мақсатында, Қазақстан Республикасына оралу;

2) Кураторға Оқуды аяқтау туралы өтініш нысанын жолдау;

3) Кураторға диплом және транскрипттің (барлық оқу кезеңі бойынша) мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармаларын ұсыну;

4) Қазақстан Республикасына кіру белгісі қойылған паспорт көшірмесін ұсыну;

5) Түлектермен жұмыс басқармасына әр 6 ай сайын жұмыс орнынан алынған анықтаманы тапсыру;