Құжаттарды кім өткізе алады?

Құттықтаймыз!

Сізді «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері атануыңызбен құттықтаймыз!

Стипендия тағайындалғаннан кейін Сізден талап етілетін әрекеттер:

Стипендия тағайындалғаннан кейін Сізден талап етілетін әрекеттер:

1) Тағылымдамадан өту шарт жасасу үшін нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасына жүгіну. Шарттар жасасу рәсімі бойынша консультациялар: 8 (7172) 76-90-76 (ішкі нөмір 181, 184)

2) Келісім-шарт жасалғаннан кейін Сіз кураторға хабарласуыңыз керек:
Америка, ТМД және Океания басқармасы 8 (7172) 76-90-76 (ішкі.нөмір 121, 122, 123, 124, 125)
Еуропа және Азия басқармасы 8 (7172) 76-90-76 (ішкі. нөмір 131, 132, 133, 134);

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысу;

4) Елшілікке және шетелдік ұйымға ұсынылатын кепіл хатқа өтініш жазу;

5) Кепіл хаттың сканерленген көшірмесін шетелдік ұйымға жолдау;

6) Тағылымдаманың басталуына бір ай қалғанда Қазақстанның кез келген банкінен төлем картасын рәсімдеп, карт-шот мәліметтері толтырылған нысанын Қаржылық қамтамасыз ету басқармасына жолдау;

7) Консулдық алымды төлеу;

8) Визаны өз бетінше рәсімдеу;

9) Визаның сканерленген көшірмесін кураторға жолдау;

10) Кураторға әуебилетке өтініш жолдау.

Тағылымдаманы өту барысындағы міндеттемелер:

1) Полицияда тіркеуге тұру (оқу елінің көші-қон талаптарына сәйкес);

2) Медициналық сақтандыруды ресімдеу (оқу елінің талаптарына сәйкес);

3) Оқу еліндегі Қазақстан Республикасының Елшілігіне консулдық тіркеуге тұру және растайтын құжатын кураторға жіберу;

4) Тағылымдама бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізбеу;

5) Тағылымдаманы шақырту қағазында көрсетілген мерзімге сәйкес өту;

6) Тағылымдама бағдарламасында қарастырылған барлық іс-шараларды орындау;

7) Тағылымдама кезеңі 6 айдан асатын болса, аралық есеп пен жетекшінің пікірін ұсыну;

8) Куратормен әрдайым байланыста болып, кез-келген өзгерістер жайлы хабарлау.

Тағылымдама аяқталғаннан кейін:

1) 3-жылдық еңбек өтілін орындау үшін Қазақстан Республикасына қайтып оралу;

2) Тағылымдаманың аяқталуы туралы өтініш жазу;

3) Қазақстан Республикасына оралғаны жөнінде белгісі қойылған төлқұжаттың көшірмесін ұсыну;

4) Тағылымдаманың аяқталуы жөніндегі құжатты мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсыну;

5) Тағылымдама жетекшісінің қорытынды пікірін және тағылымдама нәтижелері туралы есеп беру;

6) Әр 6 ай сайын Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасына жұмыс берушіден анықтама ұсыну.