Еңбекпен өтеу мониторингіне түсініктеме

Құрметті «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі!

Сізді оқуды сәтті аяқтауыңызбен құттықтаймыз!

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі — Орталық) арасында жасалатын оқуды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес:

Сіз оқуды аяқтағаннан кейін алған мамандығыңыз бойынша Қазақстан Республикасында кемінде екі/үш/бес жыл (тағылымдамадан өту/академиялық оқу) үздіксіз еңбекпен өтеу үшін Қазақстан Республикасына оралуға;

Өзіңіздің академиялық кураторыңызға:

1) Оқуды аяқтау туралы өтініш беруге (нысан «Құжат үлгілері» бөлімінде берілген);

2) нотариалдық куәландырылған және мемлекеттік не болмаса орыс тіліне аударылған диплом және транскрипт, сондай-ақ Қазақстан Республикасына кіру туралы белгісі қойылған паспорт көшірмесін ұсынуға келістіңіз.

Егер құжаттарды тапсыру кезінде дипломыңызды алмаған жағдайда, Сізге ЖОО-дан диплом мен дәрежесі берілетін жоспарланған күні көрсетілген ресми растаманы ұсыну қажет (Сіз өзіңіздің кураторыңызға барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, Сіздің құжаттарыңыз еңбекпен өтеуіңізді бақылау үшін Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасына жіберіледі).
Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының кураторлары:

Саменкулова Айнур Мухамеджановна – Ұлыбритания бойынша куратор - samenkulova@bolashak.gov.kz 8 (717) 276 90 76 (141);

Балыкова Толганай Рыскаликызы - Аустралия, Канада, РФ және Құрлықтық Еуропа елдері бойынша куратор - balykova_t@bolashak.gov.kz 8 (717) 257 36 31

Кожабекова Шырын Толендиевна – Ұлыбритания бойынша куратор, kozhabekova@bolashak.gov.kz 8 (717) 257 36 34

Садық Әсел Тәңірбергенқызы - АҚШ бойынша куратор, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі менеджер, sadyk@bolashak.gov.kz 8 (717) 257 36 34

Төлеу Тілеужан Құрбанұлы - жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі менеджер, tileuzhan@bolashak.gov.kz 8 (717) 257 36 34

3) Оқуы аяқталып, Қазақстан Республикасына келгеннен кейін әр 6 (алты) ай сайын Орталыққа еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуын растау үшін жұмысқа орналасу туралы өзекті мәліметті, сондай-ақ байланыс ақпаратын (тұратын мекен-жайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта) ұсыну керек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 27-тармағына сәйкес түлектердің келесідей еңбекпен өтеу мерзімдері бекітілді:

5 жыл – республикалық маңызы бар қалаларда: Астана, Алматы және Шымкент (2018 жылғы 19 маусымнан бастап оқуды ұйымдастыру шартын жасасқан түлектер үшін);

3 жыл  – Қазақстан Республикасының өңірлерінде (негізгі еңбек қызметі);

2 жыл  – облыстық (облыс орталықтарының қалаларын қоспағанда), аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың басқа аудандарының оқу бағдарламаларын іске асыратын бастауыш, орта, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (2020 жылғы 6 мамырға дейін оқуды ұйымдастыру шартын жасасқан түлектер үшін).

Осы Қағидалардың 27-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген "Болашақ" стипендиясы шеңберінде алған мамандық бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі конкурс жеңімпазы шартта көзделген оқу үлгерімін сөзсіз қамтамасыз еткен және тізімге енген жетекші шетелдік жоғары оқу орны, сондай-ақ өзге де шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдар ұсынған өтеусіз оқыту шеңберінде магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін ала отырып, академиялық оқудың толық кезеңін аяқтаған, резидентурада оқыған жағдайда бір күнтізбелік жылға қысқартылады.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармақшасына сәйкес енгізілген нормалар (азаматтарға жүктелген міндеттерді қоспайды немесе олардың жағдайын жақсартады) бұрын санаттары жойылған стипендиаттарға да қатысты.

Оқуы аяқталғаннан кейін еңбекпен өтеу

Стипендиаттың оқуы аяқталып, оған дәреже тағайындалған күннен бастап еңбекпен өтеуді ескепке алу басталады. Егер де дәреже тағайындалғаннан кейін жұмысқа орналасқан болса, онда еңбекпен өтеу жұмысқа орналасқан сәттен басталады.

Оқуы аяқталғаннан кейін еңбекпен өтеудің есебі: жұмыс орнынан анықтамалардың, еңбек шартының немесе Сіздің атқаратын лауазымыңызды және еңбек қызметін бастаған күнін растайтын басқа құжаттардың көшірмелері түрінде ұсынылады.

Аталмыш құжаттардың көшірмелері тиісті белгілері бар болған кезде қабылданады (анықтаманы тіркеу күні, тіркеу нөмірі, уәкілетті тұлғаның қолы және мөртабан бедері) және оларды еңбек қызметі басталған сәттен бастап әр 6 (алты) ай сайын сапалы сканерленген түрде (PDF форматта) кураторлардың электрондық поштасына жіберу қажет.

Шарттық міндеттемелерді кейінге қалдыру

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына сәйкес, еңбекпен өтеу мүмкін емес болған жағдайда Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша шарттарды орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Орталыққа жүгінеді.

Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:

— Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында докторлық зерттеу жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда академиялық оқуды жалғастыру, Іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда; (бір рет беріледі) - көру үшін басыңыз

— еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;

— шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру; (бір рет беріледі)

— мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;

— жүктілік жағдайы, сондай-ақ үш жасқа дейін баланы (балаларды) тәрбиелеу;

— Стипендиаттың ағымдағы жылы шетелде академиялық оқуын аяқтаған кезде 12 айдан аспайтын еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы Стипендиат өтініш берген сәтінде рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік ұйымдарының ("Fortune Global 500", "Forbes Global 2000", "Forbes Top 100 Digital Companies") әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда өндірістік тағылымдамадан өтуі; (бір рет беріледі)

— Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ұйымдарында 12 айдан аспайтын мерзімде тағылымдамадан өту; (бір рет беріледі)

— алған мамандығы бойынша 12 айдан аспайтын мерзімде посдокторантурадан өту. (бір рет беріледі)

Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру Қағидалардың осы тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі.

Ауыртпалықты алу

Егер Сіздің еңбекпен өтеу мерзіміңіз аяқталса, онда төменде берілген жаднамада еңбекпен өтеуді есептеу үшін қажетті қадамдық әрекеттер бар, ондағы еңбекпен өтеу мерзімін есептеу калькуляторының көмегімен өзбетінше есептей аласыз. - жүктеу үшін басыңыз

Еңбекпен өтеу мерзімін есептеу бойынша нұсқау

Егер де стипендиат еңбекпен өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында (2018 жылғы 19 маусымнан бастап оқытуды ұйымдастыру шартын жасасқан түлектер үшін) еңбек еткен болса, онда өтеу мерзімі 3 жылды құрайтын ҚР облыс орталықтарында не болмаса өтеу мерзімі 2 жылды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың басқа аудандарында келесі еңбекпен өтеуден бастап, еңбекпен өтеу күннің есебі Астана, Алматы және Шымкент (бұдан әрі – А%) қалаларындағы өтелген күн санының пайыздық арақатынасын облыс орталықтарында (бұдан әрі – В%) және облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда және облыстың басқа аудандарындағы білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – С%) өтелген күн санымен қосу арқылы келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

А% + В% + С%= 100% (еңбекпен өтеудің жалпы мерзімі).

1) А% есептеу үшін:

А% = Х*(көбейту) 100% /(бөлу) 1825 күн (мұнда А% – өтелген күндердің санына пайыздық арақатынасы, Х – өтелген күндердің саны).

Астана қаласында еңбекпен өтеу кезінде: 1825 күннен (5 жыл) Сіз 730 күнді (2 жыл) өтедіңіз деп алайық, онда пайыздық арақатынасы былай есептеледі:

А% = 730×100% / 1825 = 40%.

Демек, Сіз төменде көрсетілген есеп бойынша қалған 60%-ды облыс орталықтарында немесе облыстық, аудандық маңызы бар және облыстың басқа аудандарындағы білім беру ұйымдарында өтеуіңіз қажет.

2) В% есептеу үшін:

В% = Х*(көбейту) 100%/(бөлу) 1095 күн (мұнда В% – өтелген күндердің санына пайыздық арақатынасы, Х – өтелген күндердің саны).

Мысалы, Атырау қаласында еңбекпен өтеу кезінде: 1095 күннен (3 жыл) Сіз 365 күнді (1 жыл) өтедіңіз деп алайық, онда пайыздық арақатынасы келесідей есептеледі:

В% = 365×100% / 1095 = 33,33%.

3) С% есептеу үшін:

С% = Х*(көбейту) 100% /(бөлу) 730 күн (мұнда С% – өтелген күндердің санына пайыздық арақатынасы, Х – өтелген күндердің саны).

Енді, облыстық маңызы бар қалада, мысалы Қостанай облысы Рудный қаласының білім беру ұйымында еңбекпен өтеу кезінде: 730 күннен (2 жыл) Сіз 365 күнді (1 жыл) өтедіңіз, онда пайыздық арақатынасы келесідей есептеледі:

С% = 365×100% / 730 = 50%.

Содан кейін өзіңіздің Астана қаласында өтелген 40%-ды Атыраудағы 33,33% -ға және Қостанай облысы Рудный қаласының 50%-на қосасыз да, 123,33% аласыз. Демек, Сіздің шарттық міндеттемелеріңіз толықтай орындалды және жүзеге асырған еңбек қызметі мерзімі жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін жеткілікті.

Еңбекпен өтеу мерзімін есептеу, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес, стипендиаттың негізгі жалақысын ала отырып, негізгі еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымның орналасқан жері бойынша жүргізіледі (жұмыс орнында болған). Қашықтан жұмыс негізгі еңбек қызметі болып табылмайды.

Сонымен қоса, егер де стипендиат бірнеше ұйымда қатар жұмыс жасаған болса, онда бірнеше ұйымнан бір айда түсетін төлемдер ай сайынғы бір зейнетақы жарнасымен өтелген бір ай ретінде есептелетін болады деп мәлімдейміз.

Айта кету керек, түлектің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңдері еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мерзіміне есептеледі (ҚР Еңбек кодексіне сәйкес көрсетілген кезеңдерде болған жағдайда).

Бұл ретте стипендиат жүктілігі және босануы бойынша демалыс беру туралы, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтардың үзіндісін немесе бұйрықтардың көшірмелерін, сондай-ақ баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін міндетті түрде ұсынуы қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының қызметкерлерімен «Байланыс телефондары» бөлімінде көрсетілген телефондар бойынша хабарласа аласыз

Жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін стипендиат не кепіл беруші Орталық кеңсесіне өтінішпен (нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде берілген) баруы және өтінішке келесі құжаттарды қоса беруі тиіс:

1) «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде алған дипломның нотариалды куәландырылған аудармасын (оқуы аяқталған кезде ұсынбаған жағдайда);

2) Еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) Лауазымдық нұсқаулықтардың көшірмесі (кадр қызметі куәландырған);

4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеген кезеңі үшін зейнетақы төлемдері туралы үзінді көшірмені;

5) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және әділет органы берген техникалық сипаттамалар туралы анықтаманы;

6) Кепіл мүлкі меншік иесінің жеке бас куәлігінің көшірмесін;

7) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының түпнұсқаларын алуға кепілдегі жылжымайтын мүлік иесінің сенімхаты (егер құжаттардың түпнұсқалары Орталықтың архивінде сақталса және меншік иесі құжаттарды өзі барып ала алмаса)(нысан «Құжаттардың үлгілері» бөлімінде қоса беріледі).

Орталықтың қызметкері қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.

Назар аударуыңызды сұраймыз!

Ауыртпалықтан алу туралы өтінішті қарауға 10 жұмыс күні кетеді.

Өтініштер стипендиаттың жеке қатысуымен немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес) негізінде осы әрекетті жасауға уәкілетті тұлғаның қатысуымен қабылданады.

Орталықтың мекен-жайы: 010000, Астана қ., Сыганақ 70 көшесі, Бизнес Орталық «Сыганак», 5-қабат.

Жұмыс уақыты: 9.00-дан 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.