BOLASHAQ ЖУРНАЛЫ

«Болашақ» ақпараттық-сараптамалық журналы (бұдан әрі – Журнал) – отандық және халықаралық білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары, технологиялық инновациялар және білім беру үрдістері туралы ақпарат беретін корпоративтік тоқсан сайынғы мерзімді баспа басылымы.

Жалпы ақпарат

Журнал 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шығып келеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің 2006 жылдың 18 шілдесінде берген № 7374-Ж мерзімді баспасөзді есепке қою туралы куәлігі бар.

Журналдың тұрақты айдарлары

Саясаткерлердің, мемлекет қайраткерлерінің, мемлекеттік органдар басшыларының, экономика, білім және мәдениет саласындағы жоғары білікті мамандардың сұхбаттарын ұсынады.

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары мен түлектерінің қандай да бір салада іске асырып жатқан тиімді жобалары туралы авторлық материалдар, олардың өткізілетін/өткізілген/жоспарланып отырған зерттеулері және оларды ел экономикасының әртүрлі салаларында іске асырулары туралы мақалаларды ұсынады.

Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам"Ұлт Жоспарында белгіленген жобаларға арналған.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өткізген маңызды оқиғалар мен іс-шаралар туралы материалдарды қамтиды.

"Болашақ "бағдарламасының стипендиаттары мен түлектерінің авторлық материалдары ұсынылады. Онда әркім стипендия тағайындалғаннан бастап, еңбек тәжірибесіне дейін өзінің жеке жетістіктерін айтып береді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, оның ішінде 1991 жылы өмірге келген "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары туралы материалдар орналастырылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың блогына жіберілген ең өзекті сұрақтар мен жауаптарды қамтиды.

Әріптестік қатынастағы шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, білім беру ұйымдары мен орталықтары туралы ақпарат береді.