Өзекті жаңалықтар мен анонстар
02/04/2024
ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮЛЕГІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ 2023 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДОКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ҰСЫНЫЛДЫРамиз Зұлхарнай «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританияның Бристоль университетінде химия мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.
Айта кету керек, 2021 жылы Бристоль университетінің химия кафедрасы Ұлыбританиядағы химия зерттеулері бойынша №1 рейтингте 1 орынды иеленді (REF 2021 талдауы).
2023 жылы Рамиз докторлық диссертациясын сәтті қорғады, оның жұмысын сыртқы сарапшы 2022-2023 оқу жылындағы «Үздік докторлық жұмыс» сыйлығына ұсынды. Жыл сайын бүкіл университеттен тек 20-ға жуық PhD докторанттары ұсынылатынын ескерсек, бұл Рамиздің докторлық жұмысының жоғары сапалы деп танылғанын көрсете
29/03/2024
«БОЛАШАҚ»: ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРКеше «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту стратегиясы мен алдағы инновациялар талқыланды. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Щеглова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Сарбасов, Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры М.Ақтанжанов, Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаменті директорының орынбасары Ә.Байсынов, Білім Министрлігі Орта біл
28/03/2024
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГЕОЛОГТАРЫ КІШІ ҚАРАТАУ ЖОТАСЫ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ НАҚТЫ ЖАСЫН АНЫҚТАДЫКіші Қаратау жотасы тау жыныстарының пайда болғанына 820 миллион жыл болды – АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті (Балтимор қаласы) зертханасында қазақстандық ғалымдар жүргізген мамандандырылған геологиялық зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп отыр.
Зерттеуге Сәтбаев университеті «Геология» кафедрасының жетекші ғылыми жобасымен «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасының түлегі, доцент, PhD докторы Сезім Мұстапаева, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ерқожа Маманов, сондай-ақ «Геология» кафедрасының 2-курс студенті Айболат Талғатбек қатысты. Олар америкалық университеттің шақыруымен ол жақта 30 күнді
28/03/2024
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА «АБАЙ-ВЕРН» ШӘКІРТАҚЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2024 жылғы 12 мамыр, жексенбі
«Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасы – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы бірлескен бағдарлама. Бұл Бағдарлама шеңберінде мамандық таңдауға шектеусіз қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын екінші оқу жылындағы магистранттар үшін 45 шәкіртақы және диссертациялық жұмысын бірлескен ғылыми жетекшілік негізінде жүзеге асыруды көздеген докторанттар үшін 5 шәкіртақы ұсынылады.
Магистратураға шәкіртақы алуға конкурсқа қатысу шар
26/03/2024
Тіл маманының жолы. Ғалым Қазақстандағы көптілділіктің дамуын зерттеудеАқтөбелік Дилара Жумагул Миннесота университетінде «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасынан өтуде. Университет АҚШ-тың үздік 30 университетінің ішінде беделді орынға ие. Ғалым қолданбалы лингвистика, жүйелік функционалды лингвистика, көптілділік мәселелерін зерттейді.
Тәжірибеден өтуді бастамас бұрын Дилара Ақтөбе қаласындағы Heriott-Watt университетінің филиалының халықаралық факультетінде жұмыс істеді. Ғалымның айтуынша, сол жерде ол батыстық академиялық стандарттарға сәйкес сабақ беруде үлкен тәжірибе жинақтады.
Ivy League университеттерімен салыстырғанда, Миннесота университеті Солтүстік Америк
23/03/2024
МӘСКЕУ Қ. ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙҒА ҚАТЫСТЫ22 наурыз күні Мәскеу облысындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында террорлық шабуыл болды.
Қазіргі таңда «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясында 32 қазақстандық білім алуда, 24 стипендиат Мәскеу қаласында. Стипендиаттар арасында зардап шеккендер жоқ. Бағдарлама стипендиаттарының барлығымын байланыстамыз, және олардың қауіпсіз жерде екенін хабарлаймыз.
20/03/2024
ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А.Оспанованың Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы генерал-майор А.Мұстабековпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қорғаныс министрлігі, жоғары әскери оқу орындары, ғылыми орталықтар үшін «Болашақ» бағдарламасы және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарға «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламаларының мүмкіндіктері, конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар, іріктеу ережелері тура
20/03/2024
ПОЛЬША РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 11 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ2024 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде Польша Республикасының жоғары оқу орындарында «бакалавриат», «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталады. Өтінімдер 2024 жылғы 26 наурыз сағат 9:00-ден 2024 жылғы 18 сәуір сағат 18:30-ға дейін eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн немесе Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қолма-қол қабылданады.
Қазақстандық азаматтар үшін 11 грант бөлінді: