BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

16/04/2024

ИЛЛИНОЙС УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ

Қазақ мәдениеті күні АҚШ-тың беделді жоғары оқу орындарының бірі Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде кеңінен атап өтілді. QS рейтингінде ЖОО 64-орынды, THE рейтингінде 42 орынды алады. Іс-шараны осы ЖОО-да оқитын «Болашақ» бағдарламасының және «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасының стипендиаттары ұйымдастырды.

Әлемнің жиырмадан астам елінің студенттері мен аталған университет профессорлары қатысқан шара «Экономика» факультетінің магистранты Дәулет Тұрсынбай мен «Материалтану және инженерия» факультетінің докторанты Нурила Қамбардың тұсаукесерінен басталды. Іс-шараға келген қонақтар халықа

Толық оқу
бөлісу

11/04/2024

Жанна Ізтілеуова: «Үштілді психологиялық-педагогикалық терминдер жинағын алғашқы болып жасадым»

Гуманитарлық саланың дамуы – басты назарда. «500 ғалым» жобасы аясында Ұлыбританияда тағылымдамадан өткен жас ғалым, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жанна Ізтілеуова шетел тәжірибесін зерттеп, оқу процесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде.


– «500 ғалым» жобасы аясындағы тәжірибе алмасу қандай нәтиже әкелді? Қай тақырыпта зерттеу жүргіздіңіз?

– Ұлыбританияның Уорик университетінде 3 айлық тағылымдамадан өту барысында ғылыми бағытта зерттеумен айналысып қана қоймай, академиялық білім беру процесіндегі ерекшеліктерімен таныстым. Бұл сапар ғыл

Толық оқу
бөлісу

10/04/2024

WABTEC-ТЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдері, Wabtec корпорациясының Үндістандағы технологиялар және инжиниринг орталығының басшысы, вице-президент Йогеш Кумар, ТМД, Түркия және Пәкістандағы HR бойынша аймақтық бизнес серіктесі Руслан Унайбековпен кездесу өтті.

Басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин «Болашақ» бағдарламасы мен «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өтуі, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан стипендиаттардың саны туралы айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлемнің жетекші университеттері мен ұйымдарында инженерлік кадрларды даярлауға ерекше кө

Толық оқу
бөлісу

09/04/2024

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

Ел үшін қиын-қыстау кезеңде қазақстандық қоғамның бірлігі мен ынтымағы бұрынғыдан да маңыздырақ. «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Азық-түлік, киім-кешек және бірінші қажетті заттар жиналды.

Су тасқынынан зардап шеккендерге де қаржылай көмек көрсетілді. Орталық қызметкерлері бір күндік еңбекақысын «Күшіміз Бірлікте» қорының есепшотына аударды.

фото.jpg

Толық оқу
бөлісу

05/04/2024

ЛИТВА УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Астана қаласындағы Литва Республикасының Елшілігінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған Литва университеттерінің түлектерінің кездесуі өтті. Кездесуге Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиус Навикас, Елшіліктің экономикалық мәселелер жөніндегі атташесі Юлиусо Мите, Литваның Астана қаласындағы Консулы, ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» басқармасының төрағасы Әлия Оспанова қатысты.

Іс-шараны ашқан Литва елшісі Эгидиус Навикас бүгінгі таңда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 17 стипенди

Толық оқу
бөлісу

05/04/2024

«EL-YURT UMIDI» ФОНДЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Басқарма төрағасы Әлия Оспанованың Өзбекстанның «El-Yurt Umidi» мемлекеттік қорымен онлайн-кездесуі өтті. Кездесу «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 30 жыл ішінде алғаш рет өткізілді.

Кездесуге «El-Yurt Umidi» қорының атқарушы директоры Адхам Бекмуродов, директордың шетелде мамандар даярлау және отандастармен диалог жөніндегі орынбасары Жавохир Ахмедов, «ХБО» Басқарма төрағасы Әлия Оспанова, сондай-ақ Қор мен «ХБО» бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Онлайн-кездесу барысында атқарушы директор А. Бекмуродов қазақстандық әріптестерін «El-Yurt Umidi» қорын

Толық оқу
бөлісу

04/04/2024

АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМІМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Ашкин мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің консулдық бөлімінің өкілдері арасында кездесу өтті.

ХБО Басқарма төрағасының орынбасары А.Ашкин американдық әріптестерін халықаралық стипендияның жүргізіліп жатқан трансформациясымен, 2024-2026 жылдарға арналған «Болашақ» даму стратегиясын әзірлеумен, әріптес жоғары оқу орындарының тізімін кеңейту жөніндегі жұмыстармен, конкурстық іріктеу рәсімімен, үміткерлерге қойылатын талаптармен және шарттық міндеттемелермен, түлектердің еңбек өтілімен таныстырды. АҚШ-тың ХБО-ның

Толық оқу
бөлісу

04/04/2024

«Важная тема LIVE»: «Болашақ» бағдарламасындағы басты өзгерістер

«Важная тема LIVE» бағдарламасының қонағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова «Болашақ» бағдарламасына жаңа даму Стратегиясы не үшін қажет болғанын айтып береді. Стипендиялар қаншалықты өседі? Квоталар өзгере ме? Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді? Бағдарлама шарттарын орындамаған студенттер қазынаға қанша ақша қайтарды? BaigeNews.kz тілшісіне берген сұхбатынан көріңіз.

Толық оқу
бөлісу