Өзекті жаңалықтар мен анонстар
29/12/2023
ЕРДӘУЛЕТ РАХМАТУЛЛА: STIPENDIUM HUNGARICUM ГРАНТЫ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖОМАРТ СТИПЕНДИЯЛАРДЫҢ БІРІ ДЕП БІЛЕМІНМенің есімім – Ердәулет РАХМАТУЛЛА, Stipendium Hungaricum иегерімін және Мажарстанның ТОП дипломатиялық университеті – Ludovika University of Public Service-те «Халықаралық мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білімімді жетілдіріп жатырмын.
Мен университетімнің Халықаралық студенттер амбассадорымын және Халықаралық офисімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Жыл сайын Stipendium Hungaricum стипендиаттарына арналған Welcome Event-та университетімнің өкілі ретінде қатысамын. Ал биыл стипендиаттар қауымдастығына қосқан үлесім әрі оқудағы жетістіктерім үшін Мажарстанның сыртқы істер министрлігі
26/12/2023
ҚҰРМЕТТІ IT-КОМПАНИЯЛАР!«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мемлекеттік қызметтерді трансформациялау және реинжиниринг бойынша жүргізілетін жұмыстар шеңберінде сізді бизнес-процестерді жақсарту үшін автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған жаңа жобаны іске асыруға қатысуға шақырады.
Қоғам шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары бойынша іс-шаралар кешенін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын, үкіметаралық гранттарды, ғылыми тағылымдамаларды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта қ
26/12/2023
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ШАРТТАР ЖАСАСУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНШАҚұрметті «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттары (магистратура, докторантура, тағылымдама), сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту конкурсының жеңімпаздары («500 ғалым»).
Шарттар жасасу рәсімі әлі басталмағанын хабарлаймыз. Шарттар жасасу рәсімінің басталуы кейінірек жарияланады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға баруды одан әрі жоспарлау үшін Сізден bolashak.gov.kz ресми cайттағы жаңалықтарды бақылауды сұраймыз.
25/12/2023
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІН ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ҚАБЫЛДАНУЛАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗБүгін «Болашақ» бағдарламасының 15 стипендиаты Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі атанды.
Баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, кәсіби табыс тілейміз!
22/12/2023
ҚЫТАЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ ҮШІН 155 БІЛІМ ГРАНТЫҚұжат 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы қабылданады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2024-2025 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға мына бағдарламалар бойынша 155 білім грантын ұсынады:
Ескертеміз!!! Оқуда жүрген үміткерлер мектептен (колледжден, жоғары оқу орнынан) бітірушін
22/12/2023
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТӨРТІНШІ ЛЕГІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫШетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 131 адам магистратурада, 4 адам докторантурада оқиды, 32 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.
Бұл ретте стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бейін бағыттары бойынша даярлықтан өтеді. Оқыту 66 мамандық бойынша жүргізіледі.
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға ...
20/12/2023
МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Оның 131-і магистратурада, 4-уі докторантурада оқу және 32-сі тағылымдамадан өту үшін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндіріс орталықтарына жіберіледі.
Стипендиаттардың 65 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар мен жаратылыстану ғылымдары бойынша, ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.
Сонымен ...
14/12/2023
МАЖАРСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚУ ҮШІН 250 ОҚУ ГРАНТЫҚұжаттарды қабылдау 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда "Электрондық Үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады (Egov.kz).
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum Бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша 2024-2027 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2024-2025 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:
Осы бағдарлама шеңберінде Мажарстан тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келес