Өзекті жаңалықтар мен анонстар
29/09/2021
«ҚАЗТЕСТ» АЛМАТЫДА ӨТКІЗІЛЕДІҚұрметті үміткерлер! «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша бағалау үшін «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК Алматы қаласында көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді.
2021 жылғы 7-8 қазан күндері, сағат 09:30-дан –13:00 дейін.
Мекенжайы: Алматы қаласы, «Нархоз Университеті» №325 аудитория, 1-ықшамаудан 81.
Маңызды ақпарат: үміткер өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және «ҚАЗТЕСТ» тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртекті алып келу тиіс. Сонымен қатар, тестілеуге кешіккен үміткерлер емтиха
21/09/2021
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ меморандумға қол қойдыБүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Q88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығы» ҚБ меморандумға қол қойды.
Мөр басылған мәмілеге сай, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің білімі мен тәжірибесін урбанистиканың ушыққан мәселесін шешуге жұмылдыруға мән беріледі. Сондай-ақ екі ұйым ақпарат алмасу, кадр мәселелері бойынша кеңес, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, ашық есік күндерін ұйымдастыру, бағдарлама түлектерімен кездесулер өткізу іс-шараларын бірлесіп жүзеге асырмақшы.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасының аясында сәулет-құр
09/09/2021
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетекші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізе алады. Олардың арасында АҚШ (Джордж Вашингтон, Мичиган, Вайоминг, Висконсин, Пенсильвания, Бостон, Огайо, Мидлберри халықаралық зерттеулер институты), Ұлыбритания (Лондон империялық колледжі, Ридинг университеті, Ливерпуль, Manchester Metropolitan University), Германия Федеративтік Республикасы (Гумбольдт атындағы Берлин университеті), Жапон
09/09/2021
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясы хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғыл
08/09/2021
Қырымбек Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткіздіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқудан өтетін, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 196 үміткерге берілді.
Отырыста білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» халықа
08/09/2021
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ: ЖАС КАДРЛАРҒА АРНАЛҒАН МҮМКІНДІКМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша 50 адам іріктеп алынады. Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.
Қатысушылар жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс. Қазақ тілін білу деңгейі В1 деңгейінен төмен болмауы қажет (Қазтест немесе Qazaq Resmi Test сертификатының болуы талап етіледі).
2021 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында жобаға қатысу үшін тіркеу және құжа
07/09/2021
Көшпелі "КАЗТЕСТ"«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде үміткерлер В1 (орта) деңгейінен кем емес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынуы қажет.
Осыған байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу жағдайдын ескере отырып, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК үшін көшпелі сертификаттық тестілеуді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтінімдері бойынша Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында мемлекеттік тілді білу деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша бағалау өткіз
05/09/2021
BOLASHAQ TALKS. АУЫЛДЫҚ КВОТАЛАР10 қыркуйек, жұма 16:00
Спикерлер:
Айнұр Кәрібозова - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті;
Ерлан Исабеков – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі;
Ержан Битниев - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданы Қайрат ауылдық округінің әкімі;
Айболат Әбітбеков - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және Протокол бөлімінің бас консультанты;
Жансұлтан Нұрмұханов - «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қо