Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

05/09/2024

MASTERCARD ЖӘНЕ БОЛАШАҚ: СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАҢАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанованың Қазақстандағы және Орталық Азиядағы Mastercard-компаниясының Бас директоры Санжар Жамаловпен және Орталық Азиядағы мемлекеттік сектормен бизнесті дамыту жөніндегі директор Әсел Әбдірахмановамен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Mastercard арасындағы ынтымақтастықтың бағыттарын талқылау, сондай-ақ Орталықтың білім беру бағдарламаларының стипендиаттары мен түлектері үшін мультивалюталық премиум карталарын әзірлеу болды.

Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы

Толық оқу
бөлісу

04/09/2024

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды: Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 150 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды.

120 адам – магистратура, 6 адам - докторантура бағдарламалары бойынша оқудан өтеді, ал 24 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына кәсіби тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Дайындықтың басым бағыттарына ерекше назар аударылды-стипендиялардың үштен екісінен астамы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша бөлінді. Жеңілдікті санаттар бойынша 22 адам шетелде білім ал

Толық оқу
бөлісу

03/09/2024

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста 150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері қазір басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Тиісінше стипендиаттардың үштен екісінен астамы жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша білім алады.

Сонымен қ

Толық оқу
бөлісу

02/09/2024

ХБО және DAAD: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Бүгін, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова мен Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен бастаған Германия академиялық алмасу қызметінің (DAAD) делегациясы арасында кездесу өтті. Делегация құрамында Германияның академиялық алмасу қызметінің Бас хатшысы Кай Сикс және Германияның басқа да білім және ғылым қоғамдастықтарының жетекші өкілдері болды.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық алмасулар, ғылыми зерттеулер мен стипендиялық бағдарламалар аясындағы ынтымақтаст

Толық оқу
бөлісу

29/08/2024

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ҚАЙДА ӨТУГЕ БОЛАДЫ?

Халықаралық бағдарламалар орталығында Нидерланды Корольдігінің Орталық Азиядағы Елшісі Нико Шермерспен кездесу өтті.

Кездесу барысында ғылыми зерттеулер мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды. Талқылау аясында «Болашақ» бағдарламасы, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалары, сондай-ақ Нидерландыда білім алудағы қазақстандық студенттерге арналған басқа да мүмкіндіктер талқыланды.

Су ресурстары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, бұл екі тарап үшін де маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Ihe-Delft су білімі институты су ресурстарын басқару

Толық оқу
бөлісу

28/08/2024

ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ: ХБО ЖӘНЕ Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

Атырау қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанова мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Ыдырысовтың кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты университет пен Орталықтың өзара әрекеттесу бағыттарын талқылау және серіктестік орнату болды.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен түлектеріне беретін бірегей мүмкіндіктері атап өтілді. Қазақстандық ғалымдар мен мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға көмектесетін шетелде ғылыми және кәсіби тағылымдамадан өту әлеуеті ерекше атап өті

Толық оқу
бөлісу

27/08/2024

АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Халықаралық бағдарламалар орталығы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін күш біріктіреді

Атырау, 2024 жылғы 27 тамыз – Атырауда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (МӨЗ) өкілдері арасында кездесу өтті. Жиынға «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен бас директор және басқарма төрағасы Ғалымжан Жусанбаев, сондай-ақ бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ны басқарма төрайымы Әлия Оспанова таныстырды.

Кездесу барысында Ынтымақтастық туралы Меморандумға

Толық оқу
бөлісу

27/08/2024

ҚХР ЖОО-ЛАРЫНДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2024-2025 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған Қазақстандықтардың түпкілікті тізімі жарияланды.

151 үміткерге стипендия тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап – Қытай Халық Республикасы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық тарап бұған дейін ҚХР жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 326 үміткерді ұсынған болатын.

Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай с

Толық оқу
бөлісу