Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

30/06/2023

ВЕНГРИЯНЫҢ ЖОО-НА ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Үкіметаралық гранттар бойынша Венгрияның жетекші университеттерінің грантын иеленушілердің тізімі жарияланды.

Тізімі

Толық оқу
бөлісу

29/06/2023

ЕГИПЕТТЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

Египет Араб Республикасының Жоғары білім министрлігі Египеттің жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқуға құжаттарды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Өтінімдер «Study in Egypt» электрондық платформасы арқылы қабылданады.

Толығырақ

Толық оқу
бөлісу

26/06/2023

24 маусым күні «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30-жылдығына орай V Спартакиада өтті

Бағдарлама түлектері арасындағы спорт додасын Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырды.

Жарыста футбол, баскетбол, үстел теннисі, асық ату, шахмат және арқан тарту сынды спорт түрлерінен 80-ге жуық қатысушы бақ сынады.

Іс-шараның ашылу салтанатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов және «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Алмас Құдайберген сөз сөйледі.

«Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы қазақ

Толық оқу
бөлісу

23/06/2023

Маңызды!

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ"стипендиясын тағайындауына байланысты шарттар жасау кезеңінде орталық қызметкерлерінің жоғары жүктемесі себебінен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімге кепіл затын ауыстыруға өтініштерді қабылдауды тоқтата тұратынын хабарлайды.

Толық оқу
бөлісу

22/06/2023

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ГРАНТТАР ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

«Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар ...

Толық оқу
бөлісу

22/06/2023

Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа «Болашақ» стипендиясы берілді. Олардың ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен қатар Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми ...

Толық оқу
бөлісу

15/06/2023

ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов 500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдамалар бағдарламасымен таныстырып, «Болашақ» стипендиясындағы өзгерістер туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды жалғастыруға дайын екендігін жеткізді.

Толық оқу
бөлісу

14/06/2023

Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.

Тараптар 500 ғалым үшін ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ, Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламасынадағы өзгерістер туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Толық оқу
бөлісу