Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

04/09/2023

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТӘЖІКСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті. Кездесу танысу форматында өтті.

Кездесу барысында Тәжікстан тарапынан ұсынылған үкіметаралық гранттар конкурсы жайлы да сөз қозғалды.

Жалпы аталмыш грант тегін оқытуды және ай сайынғы стипендияны қарастырады. Өз тарапынан ХБО үміткерлердің іріктеуін өткізіп Тәжікстанға жібереді және түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды. Бүгінгі таңда үкіметаралық грантқа қатысуға 14 адам өтінім берді.

Сондай-ақ, Елші Тәжікстандағы қазақстандық б

Толық оқу
бөлісу

31/08/2023

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҮШІНШІ ЛЕК ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санат

Толық оқу
бөлісу

31/08/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик, саяси бөлімнің басшысы Ян Себек және саяси бөлімнің жетекші сарапшысы Ғалия Нұркеновамен кездесу өткізді.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту және әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. «Болашақ» бағдарламасы аясында біздің түлектер Оңтүстік Кореяның Andong National University; Catholic University of Korea; Chung-Ang University; Hankuk University of Foreign Studies; KAIST - Korea Advanced Institute of Science & Technology KD Globa...

Толық оқу
бөлісу

29/08/2023

ЕРЛАН КАРИННІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ШЕТЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты т

Толық оқу
бөлісу

28/08/2023

2023 ЖЫЛҒЫ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды 2023 жылғы желтоқсан айында жүзеге асырады.

Мемлекет басшысының әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін қазақстандық зерттеуші университеттерде, зерттеу орталықтарында және басқа да ғылыми мекемелерде ұз

Толық оқу
бөлісу

24/08/2023

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ - 2023 ФОРУМЫ

Жоғары білім және ғылым – 2023 форумы аясында ХБО Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Қазақстанда бар ғылыми бағыттарды дамыту және жаңа ғылыми бағыттарды құру мақсатында озық білім трансфертін қамтамасыз ету үшін Split бағдарламаларын енгізудің маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық стипендиясы негізінде Қазақстанның білім беру жүйесіне Split PhD моделін кезең-кезеңімен енгізу Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлауды жеделдететінін атап өтті. «Болашақ» бағдарламасы алдына жаңа міндеттер қойып, Split PhD шеңберінде әзірлемелерде қазақстандық компоненттерді арттыруғ

Толық оқу
бөлісу

23/08/2023

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ

Кездесуге "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлектері онлайн және оффлайн форматта қатысты.

Жиын барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Олжас Сәкенов 2019 жылғы іріктеу тәжірибесі туралы айтып берді.

Кездесу барысында түлектердің өзекті сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Азамат Жолманов және Ерлан Әбіл жауап берді.

Сондай-ақ жоба талантты жастар үшін әлеуметтік лифтпен қатар, мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға зор мүмкіндік беретіні туралы айтылды.

Биыл құжаттарды қабыл

Толық оқу
бөлісу

23/08/2023

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ ПОРТУГАЛИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

23 тамызда Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Португалия Елшісі Мария де Фатима Мендешпен (Maria de Fátima Mendes) кездесті.

Кездесу барысында Олжас Сәкенов «Болашақ» халықаралық бағдарламасына енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді. Қатысушылар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Толық оқу
бөлісу