Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

20/07/2023

ҚЫТАЙДЫҢ ЖОО-НА ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған грант иегерлерінің тізіміне үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Қорытынды конкурстық комиссия тізімге 32 жеңімпазды енгізді.

Тізімі

Толық оқу
бөлісу

18/07/2023

«Болашақ» бағдарламасының квоталық санаты. Сіз үшін маңызды ақпарат

Ауылдық елді мекеннен, инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлерінен шыққан үміткерлер оқу басталар алдында 12 айға дейінгі мерзіммен тіл курсына қатысып, дайындала алады. Оларға университеттен шақыру алудың қажеті жоқ.

каз.jpg

Толық оқу
бөлісу

17/07/2023

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДЫҢ 4-ШІ ЛЕГІ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі басталды. Құжат қабылдау 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

«Биыл «Болашақ» стипендиясы аясында үміткерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйымнан академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Бұл ретте, «Болашақ» бағдарламасы тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, ұшу, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейтін болады....

Толық оқу
бөлісу

14/07/2023

17 ШІЛДЕДЕ «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДЫҢ 4-ШІ ЛЕГІ БАСТАЛАДЫ

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

  • квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
  • Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
  • тағылымдама сана
Толық оқу
бөлісу

04/07/2023

«ASTANA — BOLASHAQ»: ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

Жиын барысында спикерлер «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін жандарға мотивацияға толы оқиғаларын баяндап, құнды кеңесімен бөлісті. ХБО басшысы Олжас Сәкенов жыл сайын 1300-ге жуық отандасымыз «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып, тағылымдамадан өтетінін еске салды.

Сонымен қатар бағдарлама түлектерінің елге оралуының тиімділігін зерттеу назарда екенін айтып, қорытындысын тарқатты. Статистика бойынша бүгінде түлектердің ең көп пайызы жеке секторда жұмыс істейтін болса, 7%–ы халықаралық ұйымдарда мансап құрғаны айтылды. Пікірталас барысында білім беру саласындағы сарапшы, Astana Garden Sch...

Толық оқу
бөлісу

04/07/2023

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ «БОЛАШАҚ» ЖӘНЕ «IDP IELTS KAZAKHSTAN» МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

4 шілдеде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «IDP IELTS Kazakhstan» емтихан орталығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында тараптар білім беру және ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды.

Келісімге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен «IDP IELTS Kazakhstan» директоры Майя Рахымбекова қол қойды.

«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының «Болашақ» стипендиясын реформалауға қатысты тапсырмасын орындау аясында бүгінгі шындыққа, ұлттық және жаһандық деңгейлердің қазіргі сын-қатерлеріне, сонд

Толық оқу
бөлісу

01/07/2023

ХБО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ОЛЖАС СӘКЕНОВ «ӨСКЕНДЕ КІМ БОЛАСЫҢ?» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕК-ТӘЛІМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«Өскенде кім боласың?» әлеуметтік жобасы аясында қатысуға ниет білдірген «Болашақ» бағдарламасының түлектері әлемнің үздік жоғары оқу орындарында алған мамандықтарын, мансап жолдарын, білімдері мен дағдыларын таңдаудағы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, воркшоптар, шеберлік сыныптары, оқыту және түсіндіру семинарларын өткізді.

«Аталмыш жобаның мақсаты қазақстандық оқушыларға кәсіби бағдар беру. Бүгінгі таңда «Болашақ» стипендиясының 150 - ден астам түлегі менторлық бойынша ерікті болды»,- деді Олжас Сәкенов.

«Болашақ» тәлімгерлерінің қатарында инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық

Толық оқу
бөлісу

30/06/2023

ӘЗеРБАЙЖАНДА ОҚУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

Үкіметаралық гранттар аясында Әзербайжанның ЖОО-ларында оқуға ұсынылған қазақстандықтардың тізімі жарияланды.

Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне мынадай үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша орташа балы ең жоғары үміткерлер кірді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.

Қорытынды комиссия оқуға ұсынылған үміткерлер тізіміне 7 кандидатты қосты.

Білім беру грантын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Ұсынылған үміткерлердің тізімі

Толық оқу
бөлісу