BOLASHAK NEWS

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

18/11/2025

Турдағалиева Алмагүл Жексенқызы – Халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

Ол 2022 жылы Ұлыбританиядағы Линкольн университетінде «Білім менеджменті. Көшбасшылық және жоғары білімді стратегиялық басқару. Университет басқару» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында Алмагүл Жексенқызы кәсіби көзқарасын кеңейтіп, стратегиялық басқару, көшбасшылық және жүйелік ойлау саласындағы жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.

Елге оралғаннан кейін ол Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде халықаралық әріптестік бағыты бойынша жұмысын жалғастырып, соңғы үш жыл ішінде шетелдік серіктес университеттермен ғылыми-зерттеу және академиялық

Толық оқу
бөлісу

14/11/2025

Kazenergy Адами капиталды дамыту кеңесінің отырысы: «Кәсіптік интеграция және тәжірибелік білім» арқылы «Болашақ» бағдарламасының жаңа әдістері

Астанада «KAZENERGY» Ассоциациясының Адами капиталды дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл жиын энергетика саласындағы кадрлық мәселелер мен жаңа кәсіби талаптарды талқылауға арналған маңызды алаң болды.

Қатысушылар кәсіби біліктіліктерді дамыту, еңбек қатынастарын реттеу және адами капиталды жетілдіру бағытындағы негізгі трендтерді қарастырып, саланы жаңа экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.

Дискуссия барысында кәсіби стандарттарды жаңарту, қызметкерлердің медициналық қолдау сапасын арттыру, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіби тәуеке

Толық оқу
бөлісу

13/11/2025

Абдрасулов Ермек Баяхметұлы – халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

Абдрасулов Ермек Баяхметұлы – халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры.

Халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы аясында профессор Е.Б. Абдрасулов Германия Федеративтік Республикасында, Оснабрюк қаласындағы Оснабрюк университетінің жанындағы Еуропалық құқықтық зерттеулер институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл университет Еуропадағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі болып саналады, ал оның заң факультеті Германияның ең үздік ...

Толық оқу
бөлісу

11/11/2025

«Болашаққа көпір»: «Болашақ» бағдарламасының жаңа даму кезеңі

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарға әлемдік деңгейдегі білім алумен қатар кәсіби тұрғыда өсуге нақты мүмкіндік беретін жаңа «Болашаққа көпір» жобасын іске қосып отыр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүзеге асырып отырған бұл бастама таланттар мен мансаптық мүмкіндіктерді біріктіріп, білім, бизнес және мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықтың заманауи экожүйесін қалыптастыруды мақсат етеді.

Жобаның негізгі идеясы – шетелде алынған академиялық білімді Қазақстан еңбек нарығының нақты сұраныстарымен ұштастыру. Енді стипендиаттар оқу кезеңінде-ақ отандық компаниялардың нақты зерттеу және

Толық оқу
бөлісу

06/11/2025

Азамат Дүйсембаев – халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

Азамат Дүйсембаев – халықаралық «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

2024–2025 жылдары ол АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінде «Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Осы кезеңде Азамат Алдашұлы «Жоғары білімдегі корпоративтік басқару: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында зерттеу жүргізіп, АҚШ жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару тәжірибес

Толық оқу
бөлісу

06/11/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жаңа цифрлық серігі – «Bolashak AI» Telegram-ботты пилоттық режимде іске қосты

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жасанды интеллект технологияларының негізінде Telegram-бот әзірледі. Бұл – Орталық қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдететін және пайдаланушы сұрақтарына жедел жауап беретін заманауи шешім.

Енді мамандардың жауабын күтіп немесе Орталыққа жүгінудің қажеті жоқ – чатқа сұрағыңызды қойсаңыз болғаны, бот мазмұнды жауап береді.

Әрбір сұраныс жүйеде автоматты түрде тіркеледі және кеңес алу қызметі тәулік бойы (24/7) онлайн форматта қолжетімді болады.

Навигацияға ыңғайлы болу үшін сұрақтың тілі (қазақ және орыс тілінде) берілген және оқу бағдарламаларын таңдау м

Толық оқу
бөлісу

31/10/2025

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті ғалымдар мен зерттеушілер қауымы!

Елдің ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі 2025 жылғы 19 қарашаға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз!

Ғылыми тағылымдама – тек шетелде білім жетілдіру емес, ол – әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланыс орнату, жаңа әдістемелер мен инновациялық технологияларды меңгеру, зерттеу бағытын халықаралық деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам. Өз әлеуетіңді жүзеге асыру мүмкіндігін жіберіп алма – халықаралық ғылыми тәжірибенің қатысушысы бол!

Ү

Толық оқу
бөлісу

30/10/2025

Айбар Серик, «Болашак» бағдарламасының түлегі, Komatsu Central Asia компаниясының продакт-менеджері және қолданбалы инженері

Айбар Серік — «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. Ол Ұлыбританиядағы Йорк университетінде «Инженерлік менеджмент» (MSc Engineering Management) мамандығы бойынша магистратураны табысты тәмамдаған.

Бүгінде Айбар Komatsu Central Asia компаниясында өнім менеджері және қолданбалы инженер қызметін атқарып, басқарушылық пен техникалық бағыттарды ұштастырып келеді. Ол зауыт пен дилерлер арасындағы өзара байланысты тиімді ұйымдастырады, тапсырыс берушілермен тұрақты байланыс орнатып, өндірістік жағдайларды талдау мен оңтайландыру арқылы клиенттердің еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Бұғ

Толық оқу
бөлісу